Спорт және жақсы көңіл-күй

12 ақпан, 2024

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіндегі шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік студенттері  әрдайым спортпен айналысуды күнделікті өмір салтына айналдырған.  Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екені, оның адам өмірін ұзартатыны белгілі.

Спортпен үнемі айналыса жүріп шетелдік студенттер денсаулығын жақсартып қана қоймай, ойын алаңдарын әртүрлі мәдениет тоғысқан, өзара үйлескен қатысым алаңына айналдырған. Мақсаты бір, тілегі бір шетел азаматтары бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлап, тіл табыса алатыны көрінеді. Шетелдік студенттер  футбол, баскетбол, волейбол, теннис, бадминтон т. б. спорттық ойындардың түрлерімен айналысады.

Сонымен қатар біздің студенттер университетте болған спорт жарыстарында жүлделі орындарға да ие болды.