Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында болған кеш.
Қытай Халық Республикасынан келген студенттер Қытайда «Чуньцзе» немесе көктем мерекесі - қытайлықтар үшін қасиетті мейрам екені туралы, жаңа жылды тойлау дәстүрлері туралы, жыл бойы демалыссыз жұмыс істейтін еңбекқор халық Шығыс жаңа жылын 40 күнге дейін тойлайтынын айтты, Ал Кореядан келген студенттер Оңтүстік Кореяда жаңа жылды мерекелеу дәстүрлері туралы, жаңа жылда отбасы мүшелері бәрі бірге жиналып үлкендерге сәлем беру ерекше саналатын дәстүрі туралы, арнайы жаңа жылдық ұлттық тағамнан дәм тату туралы сөз етті. Сондай-ақ, кездесуде әр ел өкілдері ұлттық киімдерімен ән айтып, би биледі.
«Шығыс елдерінің жаңа жылы!» атты іс-шара ТДМ 16 мақсатына сай бейбітшілік пен ынтымақтастықтың символы іспеттес әр ұлт өкілінің есінде қалары хақ!