- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақстан және Түркия арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында өтетін халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар
«Қазақстан және Түркия арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында өтетін халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар
Тұрақты дамудың 4-жаһандық мақсаты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығы аясында 2024 жылдың 14 ақпан күні Халықаралық қатынастар факультетінің Дипломатиялық аударма қафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан және Түркия арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Ғылыми-әдістемелік семинар аралас форматта өтті.
Іс-шараға Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, профессор Л.Ф.Деловарова, Дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, профессор А.С.Сейдикенова, профессор-оқытушылар құрамы және магистранттар мен студенттер қатысты. Іс-шараның қонақтары: Түркі халықтары мәдени қорының басшысы, профессор Ахмет Дағдұран, «Түркі әлемі» газетінің және Түркі халықтары мәдени қорының атқарушы директоры Дариға Жүніс, Түркі халықтары мәдени қорының өнер комитетінің төрайымы Майра Жақыпова, түрік жазушысы, аудармашы, PhD докторы Ашур Өздемир болды.
Ғылыми-әдістемелік семинар барысында «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркия университеттерімен ортақ жобаларды жүзеге асыруда»; «Аударма және аударманың өзекті мәселелері»; «Көркем шығармаларды қазақ тілінен түрік тіліне аудару ерекшеліктері» атты баяндамалар тыңдалып, пікір алмасылды.