ҚазҰУ студенттерді «Hackathon Digital Farabi 2024» байқауына шақырады

15 ақпан, 2024

Құрметті студенттер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультеті «Hackathon Digital Farabi 2024» жарысына қатысуға шақырады!

 Байқау «Digital Farabi 2024» халықаралық цифрлық форумы аясында өтеді.

Өтетін орны:

23 ақпан 2024 ж., сағат: 09:00, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, 3-қабат (эл. кітапханасы)

- IT саласы мамандарының кейстері, баяндама.

- Тапсырмалар бойынша топтық презентациялар. Нәтижелерді көрсету.

- Жеңімпаздарды естелік (бағалы) сыйлықтармен марапаттау.

 

Байланыстағы тұлға: Жанар Медетбек, +7 (727) 377-33-30, ішкі нөмір:1579., zhanara.medetbek@gmail.com

Тіркеу формасы: https://docs.google.com/forms/d/1jXLqSvHGdW-6I9bagOglsWufs1C8TsZY068ClNhageY/edit

Жарысты өткізу шарттары туралы толық ақпарат: Ереже

Біз сізді күтеміз!

 

«HACKATHON DIGITAL FARABI 2024» ТАПСЫРМАЛАРЫ:

1-тақырып. «Интернеттен деректердің бұзылуын бақылау және ескерту жүйесін әзірлеу». MSSP Global IT-компаниясы  (СІЛТЕМЕ).

2-тақырып. «IT-компаниясында ішкі бағалау (grading) жүйесін жақсарту». ONE technologies IT-компаниясы (СІЛТЕМЕ).

3-тақырып. Қазақ тіліндегі мәтіндік деректерді өңдеуге арналған интеллектуалды сұрақ-жауап жүйесін әзірлеу, (СІЛТЕМЕ).

4-тақырып. «Терең нейрондық желілерді пайдалана отырып, стеганография әдістерінің классификация моделін жасау». Torus IT-компаниясы, (СІЛТЕМЕ).

5-тақырып. «Желілік деректерді талдау, жіктеу және бақылау әдісін әзірлеу».  Torus IT-компаниясы, (СІЛТЕМЕ).

6-тақырып. «Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде киберэкстремизмді анықтау үшін модельдер әзірлеу». Torus IT-компаниясы, (СІЛТЕМЕ).

7-тақырып. «Жеңіл LBC шифрлау алгоритмі арқылы файлдарды шифрлауға арналған Android ОЖ негізіндегі мобильді қосымшаны әзірлеу». ҚР МҒМ ҒК Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының Ақпараттық қауіпсіздік зертханасы, (СІЛТЕМЕ).

Ақпараттық технологиялар факультеті