“Венесуэла мен Гайана арасындағы келіссөздер: даулы аймақ-мұнайға бай Эссекибоі” тақырыбына дөңгелек үстел

15 ақпан, 2024

2024 жылғы 15 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығы аясында "Халықаралық қатынастар" мамандығының 2 курс студенттері "Венесуэла мен Гайана арасындағы келіссөздер: даулы аймақ-мұнайға бай Эссекибо" тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.  "Халықаралық қатынастар және құқықтық саласындағы аударма" мамандығының 3 курс студенттері аудармашылар рөлінде қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты болашақ дипломаттардың келіссөздер жүргізу дағдыларын арттыру болса, болашақ аудармашылардың аударма жасау қабілеттерін дамытып, писхологиялық тұрғыдан дайындық жасау.

 

Ұйымдастырушылар: Дипломатиялық аударма кафедрасының

аға оқытушысы Карипбаева Г.А.

Дипломатиялық аударма кафедрасының

 оқытушысы  Өтепова А.М.