“Сапалы біліммен қамтамасыз ету”
08.02.2024 күні Филология факультетінің 1-курс магистранттары А.A., Байманасова, К.А.Мурзакенова мен топ эдвайзері Ә.Ж. Байелінің ұйымдастыруымен “Тұрақты даму мақсаттары” жобасының 4-інші такырыбы, “Сапалы біліммен қамтамасыз ету” бойынша дөңгелек үстел өтті.
Қатысушылар: 6B02303 - шетел филологиясы мамандығының 2 курс студенттері
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: жастардың сапалы білімге деген құштарлығын оятып, рухани тәрбие беру. Ашық тәрбие сағаты дөңгелек үстел түрінде өтіп, оған 15 студент қатысты. Сабақ барысында студенттер өз ойларын ашық жеткізіп, белсенді қатысты. Студенттер өз ойларын ашық білдіріп, әр студент сұрақтарға жауап беріп, барлық тапсырмаларды орындады. Студенттер сапалы білім ұғымын кеңірек сипаттап, басқада жаңа мәліметтермен танысты. Ашық сабақ жоспарланған уақытымен өтіп, мақсатқа толықтай жетті.