2024 жылдың 15 ақпан күні Филология факультетінің 1-курс магистранттары, А.А. Байманасова және К.А. Мурзакенова мен топ эдвайзері А.Ж. Байелінің ұйымдастыруымен “Тұрақты даму мақсаттары” жобасының 4-ші такырыбы, “Су және санитария” бойынша шетел филологиясы мамандығының 2-курс студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: жастарға суды табиғаттың ең маңызды ресурстарының бірі екенінің және де оны қорғау мен ұқыпты қолдану түсініктерін беру. Ашық тәрбие сағаты дөңгелек үстел түрінде өтіп, оған 12 студент қатысты. Ашық тәрбие сағаты сұрақ-жауап ретінде басталып, студенттер өздерінің білімдерін ортаға салды. Студенттерге судың маңыздылығы жайлы қызықты мәліметтер, суды қалай тиімді үнемдеу керек және қандай санитариялық ережелерді ұстану керектігі жайлы толықтай ақпараттар берілді. Қатысушылар тақырыпқа қатысты түрлі тапсырмаларды орындап, өз ойларын ашық білдіріп, топтық тапсырмалар орындады. Осы ашық тәрбие сағатынан қатысушылар судың ең маңызды табиғаттың ресурсы екенің, оны үнемдеп, дұрыс қолдану керектігі жайлы толықтай білді. Ашық тәрбие сағаты толықтай мақсатына жетті.