ТДМ 13 Климаттың өзгеруімен күрес

15 ақпан, 2024

2024 жылдың 15 ақпанында шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Өтебекова А.С. физика-техникалық факультетінің «Өнеркәсіптік электроника және басқару жүйелері», сонымен қатар «Стандарттау және сертификаттау» мамандықтарының 1 курс студенттерімен бірлесіп №13 «Климаттың өзгеруімен күрес» атты тұрақты даму мақсаттары аясында іс-шара өткізді.

Сабақ барысында студенттер «Тұрақты даму мақсаттарының тарихы» мақаласын талдап, №13 ТДМ негізгі бес мақсатымен танысып, БҰҰ ұсынған ғана емес, сонымен қатар Жердің әрбір тұрғыны жүзеге асыра алатын климаттың өзгеруімен күресу жолдарын талқылады.