Сыбайлас жемқорлықсыз өскелең ұрпақ
Жас мемлекетіміздің жарқын болшағына дақ түсіріп отырған сыбайлас жемқорлық мәселесі бүгінгі қоғамның басты кеселі болып отыр. Осы кеселмен күресуге бағытталған 16- Тұрақты даму мақсатында «Бейбітшіл және ашық қоғамды құруға жәрдемдесу, барлығына арналған сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және бұқараның қатысуына негізделген мекемелерді құру» көзделіп, еліміздін әр өңірлерінде бізге дерт болып жабысқан осы кеселден құтылудың жолдарын айқындайтын жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.
Адам баласына, әсіресе буыны қатып, бұғанасы бекімеген өскелең ұрпаққа жат қасиеттің еліміз үшін де, өзі үшін де салдарын түсіндіру бойынша жұмыстар колледж қабырғасында жүйелі түрде жүргізіліп отырады. Еліміздің ертеңі үшін, өскелең ұрпақ алдында еңсемізді биік ұстау үшін, бұл кеселді түп тамырымен жою мақсатында 12.02.2024 жылы колледжде Алматы қаласы Прокуратура басқармасының прокуроры Данияров Санжар Дәренұлымен кездесу ұйымдастырылды. Прокурор студенттерге «Сыбайлас жемқорлықсыз өскелең ұрпақ» тақырыбында дәріс оқыды. Кездесу барысында білім алушылардың бойындағы адамгершілік пен адалдық қасиет деңгейлерін арттыру, отансүйгіштікке, патриоттыққа баулу, құқық бұзушылықтың қандай түрі болмасын азамат ретінде бей-жай қарамау керек екені туралы айтылды.
Кездесу диалог түрінде өткізілді, әр білім алушы сыбайлас жемқорлық туралы өз ойларын ашып айтып, осы қылмыстың ауыр түріне қалай қарсы тұруға болатыны жөніндегі пікірлерімен бөлісті. Жемқорық болған жерде, әділеттіліктің де орын алмайтынына осы кездесуде білім алушылар көз жеткізді.