«Білім мен тәрбие – егіз ұғым» тақырыбында өткізілген іс-шара
ТДМ 4 аясында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының 1-топ тыңдаушылары мен оқытушылардың қатысуымен оқу-тәрбие үрдісінде «Білім мен тәрбие–егіз ұғым» атты шарасы өтті. Бұл шараның мақсаты - сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі екендігін мәлемдейді. Қазіргі кезде оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға тыңдаушының білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Ал тәрбие мәселесі - адам баласының ғұмырындағы көнермейтін, қоғам тіршілігінен ажырамайтын баға жетпес құндылық.
Білім мен тәрбие егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген екен. Осы іс- шарада тыңдаушылар бүгінгі білім саласындағы зор мүмкіндіктермен жеңілдіктер туралы ойларын ортаға сала отырып, тәрбиеге де, өнерге де, білімге де ұмтылған жақсы үлгі жолдарын бар екендігін насихаттау жолдары айтылды. Сондықтан оқытушы қауымы – білім беруші ғана емес, сонымен қатар тыңдаушыны болашақ өмірге бағыттаушы, тәрбиеші.