ҚазҰУ ғылыми журналдарының редакторларына арналған семинар

16 ақпан, 2024

2023 жылдың 16 ақпанында әл-Фараби атындағы ғылыми кітапханада әл-Фараби ҚазҰУ ғылыми журналдары редакторларының гылымиметрика саласындағы маман, зерттеуші, Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералды университетінің (Ресей) ғылымиметрика зертханасының меңгерушісі, Дүниежүзілік банк сарапшысы Марк Акоев кездесуі өтті.

Семинарда Марк Анатольевич өзінің гылымиметрика бойынша «гылымиметрикаға басшылық: ғылым мен техниканың даму көрсеткіштері» атты кітабын таныстырып, ғылыми-метрикалық және библиометриялық көрсеткіштер туралы білімі мен тәжірибесімен бөлісті және олардың ғылыми журналдардың жариялану қызметін дамытуға қалай көмектесетіні туралы айтып өтті.

Кездесуде ғылыми журналдарды халықаралық деректер қорында ілгерілету, сондай-ақ олардың танылуы мен сілтемесін арттыру мәселелері талқыланды. Баяндамашы Орал федералдық университетінің бір журналын мысалға ала отырып, журналды халықаралық деректер базасында ілгерілету үшін қандай қадамдар жасалғанын көрсетті. Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ғылыми журналдарды дамыту бойынша ойларымен бөлісті.