- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты дамудың 4-ші мақсаты сапалы білім беру бойынша «Білімді ұрпаққа өнер арқылы рухани мәдениетін дамытудың тәрбиелік мәні» атты дөңгелек үстел
Тұрақты дамудың 4-ші мақсаты сапалы білім беру бойынша «Білімді ұрпаққа өнер арқылы рухани мәдениетін дамытудың тәрбиелік мәні» атты дөңгелек үстел
2024 жылдың ақпан айының 15-ші жұлдызында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Халықаралық "Тұран" сыйлығының лауреаты, К.Фаберже орденінің кавалері, ҚР Көркем Академиясының академигі, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер Академиясының профессоры Даубаев Естай Серікбайұлымен Қазақстанның «Тұрақты даму мақсаттары» аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел тақырыбы: «Білімді ұрпаққа өнер арқылы рухани мәдениетін дамытудың тәрбиелік мәні». Дөңгелек үстелде Қазақстанның Тұрақты даму концепциясының 4-ші мақсаты бойынша «сапалы білім беру» аясында өнер арқылы рухани мәдениетті дамыту үшін қазақтың ұлттық зергелік әшекей бұйымдарының атауларын айқара ашып, ерекшеліктерін түсіндіріп, қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнерін дамыту және ұлттық өнерге баулу мақсатында қазақ мәдениетінің қайталанбас өнерін ұлықтады. Сонымен қатар Ұлттық құндылықтардың ұмыт болған әшекейлерін жаңғыртып, Ұлттық зергерлік бұйымдарды жас ұрпаққа дәріптей келе өз қолынан шыққан әсем де көркем дүниелері көрсетілді.
Ұйымдастырушылар: Омирбекова А. О., Исмагамбетова З. Н., Мұханбет А., Есболова М. А., Магзумов М. М., Нарымбаев К. Д.