- Басты бет
- Жаңалықтар
- Журналистика факультетінде 5 институционалдық реформа бойынша дөңгелек үстел өтті
Журналистика факультетінде 5 институционалдық реформа бойынша дөңгелек үстел өтті
ҚазҰУ-да «5 институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам»: Қазақстан дамуындағы жаңа кезең» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп ұйымдастырылды. Нәтижесінде университетте «Қазақстан-2050» республикалық біліми-ақпараттық орталығын ашу жөнінде шешім қабылданды.
Іс-шараның мақсаты: «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген «Мәңгілік Ел» біртұтас ұлтты құру, азаматтық саналылық пен құндылықтар идеясын дамытуға бағытталған коммуникативтік диалог алаңын құру. Сонымен қатар патриотизм рухына тәрбиеленген қазіргі заманғы креативті тұлға ретінде интернационалды жастардың дамуына ықпал ететін ақпараттық және ағарту ортасын қалыптастыруға бағытталды.
Дөңгелек үстелге Алматы қаласы әкімдігі, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ҚР жоғары оқу орындары оқытушылары мен «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының белсенділері қатысты.
Аталған шараны «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының медиадиректоры Қанат Әуесбай өзінің баяндамасымен ашты. «5 институционалдық реформаны жүзеге асырудағы «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының атқарып отырған нақты істерін тілге тиек етті. Сонымен қатар ел белсенділерін «Vision - 2050» стратегиялық ақпараттық науқанына қатысуға шақырды. Республиканың ауылдық және қалалық жастарының қатысуымен «voices of Youth» (жастар үні) онлайн-аудио-форумы, «Green nature – 2050» табиғат аясында пікірталас түріндегі кездесулер, «Ақылды экономика» тақырыбында телекөпір, «Болашақты басқар!» жастар интернационалдық форумы алдағы уақытта өтетіндігін айтты.
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Сұлтанбаева «Мәңгілік ел» студенттік ғылыми-этнографиялық экспедициясы туралы баяндады.
Дөңгелек үстел барысында «Нұр Отан» партиясының кезекті съезіндегі Елбасы Қазақстанның одан әрі табысты дамуының 5 институционалдық реформасына байланысты ұсыныстар мен пікірлер кеңінен талқыланды.
Алматы қалалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Ахметов Маркен Кентайұлы «5 институттық реформа»: автономды мемлекеттік аппарат» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, заң факультетінің деканы Байдельдинов Дәулет Лайықұлы «5 институттық реформа: заң үстемдігі», «Қазақстан инвесторлар Альянсы» РҚБ» Президенті Азаматхан Әміртай «5 институттық реформа: транспарентті және есеп беруші мемлекет», «Алматы Tech Garden» автономды кластерлік қорының портфолио-менеджері Махамбет Айдар Кеңесбекұлы «5 институттық реформа: индустриализация және экономикалық өсім» тақырыбында ой қозғап, өз пікірлерін ортаға салды.
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы