АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

19 ақпан, 2024

Құрметті студенттер және магистранттар!

«Менеджмент» кафедрасы 

«Тұрақты дамудың ұлттық үлгілері» тақырыбында

(студенттер және магистранттар үшін)  

VІІ Халықаралық сырттай олимпиада өтетіндігін хабарлайды.

VІІ Халықаралық сырттай олимпиадаға (бұдан әрі – Олимпиада) жоғары оқу орындары бакалавриат бөлімі бойынша «Мемлекеттік және жергілікті (муниципалдық) басқару», «Менеджмент» білім беру бағдарламалары күндізгі оқу бөлімінің 2-3 курс білім алушылары және магистратура бөлімі бойынша «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент», «Жобаларды басқару» және «Инновациялық менеджмент» білім беру бағдарламалыры 1-2 курс магистранттары қатыса алады.Әрбір оқу орны Олимпиада конкурсына қатысу үшін 2 (екі) командадан (құрамында 3-5 адам) ұсынады. Қатысушы командалар арасында ең жоғары балл жинаған университет командасы жеңімпаз болып танылады. VІІ Халықаралық сырттай олимпиада қорытындысын шығару кезінде қазылар алқасы командалық есепте әр орын бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

VІІ Халықаралық сырттай олимпиадаға қатысушыларды тіркеу үшін ЖОО қатысушылардың өтінішін берілген үлгі бойынша толтырады (1-қосымшаны қараңыз).

Олимпиада екі кезең бойынша өтеді:

I кезең. Кейсті шешу.

II кезең. Эссе дайындау.

I кезеңде жауаптар – командалардың шешімі 2-қосымшадаұсынылған бизнес-кейс негізінде дайындалады.

II кезеңде командалар компания, мекеме немесе мемлекет деңгейінде бірегей идеяның сипаттамасы түрінде Олимпиада тақырыбына сәйкес эссе әзірлейді.

I және II кезең тапсырмаларын орындауға қойылатын талаптар 3-қосымшада келтірілген. Барлық орындалған тапсырмалар ұйымдастырушыларға электрондық пошта арқылы бір хатпен (оның тақырыбында: ЖОО-ның, команданың атауыкөрсетіледі) 01.03.2024 жылға дейін келесі мекен-жайға: olimpiadakaznukz@gmail.com жіберілуі тиіс.

Жіберілген жауаптардың нәтижелері бойынша әр мамандық бойынша ең көп балл жинаған 6 команда іріктеледі.

Бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар дипломдармен марапатталады:

• І орын үшін – І дәрежелі диплом (1 командадан артық емес);

• II орын үшін – II дәрежелі диплом (2 командадан артық емес); 

• III орын үшін – III дәрежелі диплом (3 командадан артық емес).

Олимпиада аяқталғаннан кейін жеңімпаздарға дипломдар электрондық пошта арқылы жіберіледі!

       VІІ Халықаралық сырттай олимпиаданың іс-шаралар кестесі бойынша мерзімі

  

Мерзімі

Іс-шаралар

19.02.2024 ж.

Қазақстан Республикасының, ТМД ЖОО-на ақпараттық хат жіберу

1.03. 2024 ж.

қоса алғанда

Қатысушылардың ЖОО-нан электрондық пошта арқылыБИЗНЕС-КЕЙСтің жауап-шешімін ұсыну және қатысу үшінұжымдық өтінім беру

18.03.2024 ж.

Қарау – қазылар алқасы мүшелерінің БИЗНЕС-КЕЙСті және эссені бағалауы, нәтижелерді қатысушылардың электрондықпоштасына жіберу

 

Байланысатын тұлға: Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті «Менеджмент» кафедрасының оқытушы Кусмолдаева Жазира Нурасыловна (тел.: +7 701 603 86 43).