ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы есеп берді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы жыл сайынғы есеп беру конференциясын өткізді. Кәсіподақ комитетінің төрағасы Талғат Мекебаев Мемлекет басшысы кәсіподақтардың қазақ қоғамындағы рөлін жоғары бағалап, ұйымға қатысушылардың алдына үлкен міндеттер қойып отырғанын айтты.
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев жоғары оқу орнының қаржылық қызметінің басты мақсаты білім алушылар мен оқытушылар үшін барынша қолайлы жағдай жасау екенін бірнеше рет атап өтті. Осы мақсатқа қол жеткізген кезде кәсіподақтың рөлі едәуір артады. «Парасат» кәсіподағы қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек, құқықтық және экономикалық қорғалуын одан әрі жақсартуға, демалыс пен сауықтыру шараларын ұйымдастыруға айрықша көңіл бөледі», – деді Т.Мекебаев.
Есепті кезеңде кәсіподақ санаторийлерге жолдама құнының 50 пайызы және қызметкерлердің балаларына арналған жазғы лагерьлерге 100 пайызға дейін жеңілдік көлемінде өтемақы төледі. Факультеттер мен бөлімшелердің кәсіподақ ұйымдары қызметкерлердің кәсіби, еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді.
Конференция делегаттары кәсіподақ өзара сыйластық негізінде ұжымды біріктіру, тиімді жұмыс пен лайықты демалысты қамтамасыз ететін жағдайлар жасау, әлеуметтік әділеттілік қағидатын іске асыру екенін атап өтті.
Іс-шараға қатысушылар «Парасат» кәсіподағының жұмысына жоғары баға берді, сондай-ақ тексеру комиссиясының есебін, жұмыс жоспарын және 2024 жылға арналған жоспарды бекітті.
Конференция соңында ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының құрылғанына 30 жыл толуы қарсаңында ұйым белсенділері ҚазҰУ-дың «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Ольга ЛОЖНИКОВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің
«Парасат» кәсіподағы төрағасының орынбасары