Университет факультеттері арасында үстел тенисінен ашық турнир

17 ақпан, 2024

«Қасиетті қара шаңырақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойына арналып философия кафедрасының оқытушылары Қ.Т. Нұрғалиев пен Д.П. Пернебекованың ұйымдастыруымен 2024 жылдың 17 ақпан күні университет факультеттері арасында үстел тенисінен ашық турнир өтті. Турнирді кафедрамыздың доценті, философия ғылымдарының кандидаты Асқар Лесхан Әмірханұлы ашып берді. Жарыстың шарты бойынша: команда құрамында 1-оқытушы, 1-ер бала, 1-қыз бала қатысуы тиіс болды. 12- команданың 9 командасы ҚазҰУ факультеттерінен жасақталып, Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарынан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстан-Ресей медицина университеттері де сайысқа түсті. Барлық командалар тыңғылықты дайындықпен келіп, өз ойындарын жоғары дәрежеде көрсетті. Осылайша үстел тенисінен ашық турнир өз мәресіне жетті. Бас төреші Бейсалиев Тимур Мәлікұлының шешімімен 1-ші, 2-ші орындар философия және саясаттану факультетіне, ал 3-орын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының командасына бұйырды