«Мен Қазақстанды не үшін сүйемін?..»

9 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-дың филология факультеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушылары Рамазанова Ш.А., Абдрахманова Ж.А. 2024 жылдың 9 ақпаны күні «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында республика көлемінде өткізілген «Мен Қазақстанды не үшін сүйемін?..» атты шығармашылық байқаудың қалалық кезеңіндегі қазылар алқасының құрамында қазылық етті.