"Гендерлік теңдік – тең даму"

12 ақпан, 2024

2024 жылдың 12 ақпанында орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Қайырбек М.Н. «Философия» мамандығында оқитын 1 курс студенттерімен бірге ТДМ-5 «Гендерлік теңдік» аясында іс-шара өткізді. «Гендерлік теңдік – тең даму» тақырыбындағы іс-шара дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды.

Гендерлік теңдік әйелдердің де, ерлердің де өмірдің барлық салаларында тең мүмкіндіктері, құқықтары мен міндеттері бар қоғамды білдіреді. Әйелдер мен ерлер арасындағы теңдік – бұл екі жыныс өкілдерінің білім алу мен денсаулық сақтау, басқару жүмыстары мен билікке тең қол жеткізуі, басқа біреуге жұмыс істеу немесе өз ісін басқару арқылы қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуге, жеке және кәсіби қажеттіліктері мен мүдделерін жүзеге асыруда тең мүмкіндіктерге ие болуы.

Дөңгелек үстел барысында саясаттағы ерлер мен әйелдер, білім берудегі гендерлік теңдік, отбасындағы гендерлік теңдік, тұрмыстық зорлық-зомбылық, гендерлік стереотиптер, гендерлік тәрбие тақырыптары ой-талқыға салынды.

Іс-шараға қатысушылар дискуссияға қызығушылықпен қатысып, сұрақтар қойып, ақпаратпен бөлісіп өз ойларын еркін білдірді. Нәтижесінде гендерлік теңдікке қол жеткізудің маңызды аспектісі –  әлеуметтік дамудың әртүрлі салаларында әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ, ерлердің гендерлік теңдікке қол жеткізу процесіне ат салысуы болып табылады деген тұжырымдар жасалды.

 

Ұйымдастырушы: Қайырбек М.Н.