ВОЛЕЙБОЛ

15 ақпан, 2024

ВОЛЕЙБОЛ

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешенінде 2024 жылдың 13 және 15 ақпанында, №1 залда ерлер командалары арасында волейболдан FARABY CUP өтті.  Жарысқа әр факультеттен 11 командадан 110 спортшы қатысты.  Ойындар қызықты өтті.  Барлық қатысушылар үлкен ынтамен ойнады.  Жанкүйерлер өз командаларын ысқырықпен, әнмен, барабанмен қолдады.

 Қаһарлы тартыста орындар былайша бөлінді:

 1 орын – филология факультеті

 2 орын – Механика-математика факультеті

 3 орын – физика-техникалық факультеті

 4 орын – география және қоршаған ортаны басқару факультеті

 5 орын – Химия және химиялық технология факультеті

 6 орын – Биология және биотехнология факультеті

 7 орын – журналистика факультеті

 8 орын – Ақпараттық технологиялар факультеті

 9 орын – Экономика және бизнес жоғары мектебі

 10 орын – Заң факультеті

 11 орын – Медицина және денсаулық факультеті

Спортклуб

Басқа жаңалықтар