«Кедейлік мәселесі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

21 ақпан, 2024

Филология факультеті қазақ филологиясының 101 топ, 1 курс студенттері куратор Мұхамади Құралай Төлегенқызымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде көтерілген басты мәселе- кедейлік мәселелері  болды. Кедейлік ненің әсерінен туындауда деген сұраққа жауап іздеп, өзара талқылау болды. Еліміздегі әлеуметтік, экономикалық, демографиялық жағдайы туралы студенттер өз ойларын ортаға салды. География факультетінің студенттері де дөңгелек үстелге қатысып, белсенділік танытты. Студенттер өз ойымен бөлісіп,көкейтесті сұрақтарына жауап ала алды.