- Басты бет
- Жаңалықтар
- О.Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабының жарыққа шығуына 40 жыл толғанына арналған конференция өткізеді
О.Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабының жарыққа шығуына 40 жыл толғанына арналған конференция өткізеді
2015 жылы 2 маусымда сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Олжас Сүлейменовтің ғылыми-зерттеу орталығы және «Олжас Кітапханасы» баспа үйі көрнекті қазақ ақыны, жазушы, «XXI ғасыр Адамы» атағының иегері, Невада-Семей халықаралық антиядролық қозғалысының президенті О.Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабының жарыққа шығуына 40 жыл толғанына арналған конференция өткізеді.
Кіріспе сөзбен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, академик Ғ.М.Мұтанов ашады.
«Аз и Я» кітабының жазылуы мен жарық көруі туралы, кітаптың Қазақстан мен Ресейде және бүкіл әлемде қандай ой-пікір туғызғаны туралы сол оқиғаны көзі көргендер мен куәгерлер естеліктерін ортаға салады. Конференцияда кітап авторы Олжас Омарұлы Сүлейменов, Қазақстанның қоғам қайраткері мәдениеттанушы публицист М.М. Әуезов; «Олжас Кітапханасы» баспа үйінің директоры Сафар Абдулло; М.М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, ф.ғ.д., У.Қ..Қалижанов; Ш.Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М.Әбжанов; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, ф.ғ.д., жазушы А.С.Жақсылықов,қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, публицист С.Құттықадам; А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры М.Малбақов; ақын, аудармашы, баспагер Б.Қанапьянов; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры ф.ғ.д., профессор Ж.Дадебаев; М.М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., С.В.Ананьева; әдебиеттанушы, жазушы Б.М.Жылқыбаев сөз сөйлейді.
Конференция барысында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің студенттерінің Олжас Сүлейменовтың лирикаларынан әзірлеген театрланған көрініс қойылып, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдері айтылады. Аталған шара көрнекті қазақ ақыны және ойшылы Олжас Сүлейменовтың талантын құрметтеушілер мен оқырмандардың үлкен қызығушылын туғызары сөзсіз және Қазақстан қоғамының мәдени өмірінде жарқын құбылыс болып қалады.
Өтетін орны:Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасының конференц-залы( 4 қабат).
Баспасөз қызметі