Республика күні

25 қазан, 2023

25 қазан Республика күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттер қалашығында кеңінен тойланды. Студенттер қалашығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен, студенттік ұйымдар, яғни Жоғарғы тәртіп сақтау жасағы спорттық жарыстар өткізсе, Жоғарғы студенттік кеңесі студенттер үйлерін мерекеге байланысты безендіруге байқау жариялады. Студенттер үйлерін безендіруге арналған байқаудың нәтижесінде, бірінші орын 16 студенттер үйі, екінші орын 1 студенттер үйі, үшінші орын 4 студенттер үйіне берілді. Сонымен қатар Жоғарғы тәртіп сақтау жасағы өткізген жарыс Қазақ елінің ән ұранын айтумен басталды. Жарыста арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күрестіру бойынша ерекше көзге түскендер студенттерге 1,2,3 орындарға кубок пен медальдар берілді, бағалы сыйлықтармен бірге 200 студентке тегін тамақтануға талондар үлестірілді.