“Құқықтық тәртіп сақтау жасағы” ұйымының жарты жылдық есеп беру жиналысы

1 ақпан, 2024

01.02.2024 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қалашығында орналасқан ”Керемет” студенттерге арналған орталықтың кино залында “Құқықтық тәртіп сақтау жасағы” ұйымының жарты жылдық есеп беру жиналысы өтті. Жиналысқа студенттер қалашығы басшылығы мен мамандары және ұйым белсенділері қатысты. Жиналыста қалашықтағы студенттер үйлерінде тұратын студенттердің тәртібі, атқарылған жұмыстар талқыланды. Жиналыс соңында ерекше көзге түскен студенттерге университет төс белгісі, сертификаттар мен бірге Фараби кітаптары берілді. Ұйым мүшелері, қалашық мамандары Басқарма төрағасы- ректор Ж.Қ. Түймебаев мырзаға әрқашан қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғыстары шексіз.