Футболдан жарыс

18 ақпан, 2024

18.02.2024 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенің залында футболдан студенттер үйінде тұратын студенттер арасындағы жарыс тартысты өтті. Жарысқа 13 команда қатысты бас жүлде музыкалық орталық алу үшін командалар жақсы ойын көрсетті.Жарысты ұйымдастырушы студенттік қалашық мамандары мен салауатты өмірді қалыптастыру орталығы мамандары үздік ойыншы, үздік қақпашы, үздік шабуылдаушы номинациясымен жеке студенттерді марапаттады. Жарыс қорытындысы бойынша 3-ші орын 8 студенттер үйі, 2-ші орын 7 студенттер үйі, 1-ші орын бас жүлде мен медальдар т.б сыйлықтар 1-ші студенттер үйі еншіледі. Студенттер арасында салауатты өмірді насихаттау барысында өтетін жарыстар жалғасын таба бермекші.