Халықаралық ана тілі күні
"Басқа халықтың тілі мен мәдениетін зерттеген адам онымен тең құқылы болады
Абай "Қара сөздер" сөз 25
21 ақпан 2024 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің "Орыс тілі мен мәдениеті" орталығында халықаралық ана тілі күніне арналған іс-шара өтті . Іс-шараға Алматы қаласындағы орыс үйінің басшысы-вице-консул , М.С. Симакова , Россотрудник қызметкері шақырылды. Филология факультетінің деканы, доктор фил.профессор Б. У. Жолдасбекова орталықпен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Іс-шараға қатысушылар: ҚР студенттері, шетелдік білім алушылар, магистранттар, PhD докторанттар , орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары. Қоғамда ана тілін үйрену және сақтау туралы қызықты презентациялар дайындалды. Өзара білім , тәжірибе туралы алмасып , әлемдегі әлеуметтік-мәдени байланысты нығайту үшін тілдік әртүрліліктің маңыздылығы туралы әңгіме қозғалды.
Осы іс-шара аясында Алматы қаласындағы Россотрудничество орталығы Халықаралық кітап сыйға тарту күніне орай кітапхана қорына студенттерге арналған кітаптар берілді. Симакова М.С. оқудың маңыздылығын атап өтіп, оқу әдебиеттеріне шолу жасады.
Кафедра меңгерушісі К. О. Тәттімбетова қонақтарға ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.
Іс-шараға қатысушыларға сертификаттар табысталды .
Орталық Басшысы. С. Б. Бегалиева