«Жас ақын Айдана Бейсенмен кездесу»

20 ақпан, 2024

20 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ филологиясы мамандығының 201 топ студенттерімен ашық тәрбие сағаты өтті. Аталмыш іс-шараның жетекшілері Тлеубаев Сәкен мен Шортанбай Шоқан.

Ұйымдастырған әдебиеттану мамандығының бірінші курс магистранттары Байысбек Айгерім, Отызбаева Рима мен Тайбекова Қаракөз.

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы «Жас ақын Айдана Бейсенмен кездесу». Мақсаты: студенттерге ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстырып, ұлттық таным мен даралық қасиеттерін насихаттау, дәріптеу.