ҚазҰУ мен Ғылым академиясының ортақ ғылыми жобалары талқыланды

22 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевпен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар ғылыми серіктестікті арттыру бойынша пікір алмасты.

Жүздесуде Жансейіт Түймебаев академия басшысына ҚазҰУ-дың ғылыми инфрақұрылымын таныстырып, оқу ордасының ғалымдары әзірлеген инновациялық жобаларға тоқталды. Өз сөзінде ректор жас ғалымдарды даярлауда, ғылыми жобаларды дамытуда, ғалымдардың тәжірибесін жетілдіруде ҚазҰУ мен ҰҒА бірлесіп жұмыс істеуі қажет екенін жеткізді. Университет басшысы аталған жұмыстарды жүзеге асыруда екі тараптың әлеуеті мол екенін баса айтты.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев серіктестікті дамытуға бағытталған барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізіп, болашақта университет пен академия арасындағы қарым-қатынастың артатынына сенім білдірді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі