ЖАҚСЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ӘЛ-АУҚАТ 3 ТДМ
2024 жылғы 19 ақпанда сағат 19.00-де шет тілдері кафедрасының оқытушылары Ш.Б. Гумарова, Б.К. Исабаева, Б.Н. Бекмашева, А.С. Утебекова, Э.С.Баймуратова, Л.Е. Кудайбергенова, Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық және №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және университеттік жобасын іске асыру шеңберінде ZOOM платформасында онлайн форматта «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету» және «Сағаттық белдеудің өзгеруі денсаулыққа қалай әсер етеді?» тақырыптары бойынша Дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салты аспектісіндегі әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын түсіну және әрбір қатысушының өзіне және қоршаған ортаға тигізетін пайдасы туралы пікірлерін талқылау.
Дөңгелек үстелге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің 1 курс оқытушылары мен студенттері: MD Jobair Islam Majumder (Bangladesh), Токушева Камила, Кирибаева Еркежан, Баймуканов Диар, Тельман Мерей, Калиакбар Мадина, Абдиманапұлы Даниал және Каркын Бейбарыс қатысты. Онлайн кездесуде барлығы 50-ге жуық қатысушы болды.
Аталған іс - шараға шақырылған спикерлер: Торайғыров атындағы (Павлодар) университетінің докторанты - Тулегенов Темирлан, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы (Астана) Еуразия ұлттық университетінің магистранттары - Мейрамбекұлы Ерзат және Ныгызбаев Бейбарыс (магистранттардың жетекшісі, т.ғ.к., PhD докторы, Л.Н. Гумилев ЕҰУ «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасының доцентінің м.а. Н.М.Қазиева) сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел талқылауында әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелер туралы өзекті тақырыптар қарастырылып, талқыланды:
- Елдің өркендеуі-халықтың әл-ауқатының негізі;
- Болашақ ананың денсаулығы-халық пен елдің әл-ауқаты;
- Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау мәселесі және оларды қорғау;
- Еліміздегі жол-көлік оқиғалары кезінде апаттар мен өлім-жітім санының арту проблемасы;
- Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай уақыт белдеуін белгілеу;
- Атмосфералық ауаның ластануының халық денсаулығына әсері;
- Жасөспірімдердің темекі шегуі - қазіргі қоғамның әлеуметтік мәселесі.
Әр сөйлеген қатысушылардан кейін осы тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, пікірталастар жүргізілді.
Дөңгелек үстел соңында барлық қатысушылар сертификат алды.