Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет

22 ақпан, 2024

21.02.2024 ж. сағ.17.00, 233 ауд.  Экономика және бизнес жоғары мектебі, Экономика кафедрасы, «Экономика» мамандығы 2 курс, 2 топ эдвайзері Илияс Оңғарұлы Кулиев БҰҰ-ның «Тұрақты даму» мәселелерінің  ТДМ1,ТДМ2 компоненттерінің аясында «Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет» тақырыбында эдвайзерлер мен студенттердің қатысуымен ашық кураторлық сабақ өткізді.

Ашық кураторлық сағат тақырыбының мақсаты-студент жастар арасында  сыбайлас жемқорлықты алдын алу оған  қарсы  сананы және мәдениетті қалыптастыру болып табылды.

Бұл ретте топ эдвайзері «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы,  «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет жобасының әлеуметтанулық өлшемі» тәжірибелік және әдістемелік нұсқаулығы және Студенттік ар-намыс кодексіне сүйеніп сыбайластық туралы ағымдағы қоғамдық ахуалды, оны алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдардың үдерістерін түсіндірді. Сонымен қатар, университетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудағы кешенді ұйымдастырушылық, дүниетанымдық, азаматтық, әлеуметтік  тәсілдерінің деңгейін, мән-мазмұнын таратып жеткізді. Әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жалпы адамзаттық әдеп құндылықтарын, қасиетті ұлттық төл-әдеп құндылықтарымызбен сабақтастырып айтқаны студенттер үшін ерекше әсер қалдырды.

Қорытындысында сөз алған топ студенттері Сарқыт Айым, Тәжібай Аружандар «жемқорлық індет, ал індеттен айығу, бүгінде басты міндет!» дей келіп ашық сабақтың өзекті мәселесін жастар, студенттер болып назарға алтынын,  жемқорлықпен күресте азаматтық, әділдік позицияларын көрсететінін жеткізіп, алғыстарын айтты.