Кафедра түлектерімен оқудан кейінгі жұмыспен қамтылу бағытында кездесу
2024 жылдың 14 ақпан күні "Орнықты даму" мақсаты аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы түлектердің жұмыспен қамтылуы бағытында кездесу өткізді. Іс-шара ұйымдастырушылары: факультет деканы, қауымдастырылыған профессор Мейірбаев Б.Б., дінтану және мәдениеттану кафедра меңгерушісі Құрманалиева А.Д. және аға эдвайзер Мұқан Н. Кездесуді өткізуге Жетісу облысы дін істері басқармасы басшысы Жаңабай С.А., «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ директоры Қазыкенов Д.С., «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ бөлім бастығы Толеуов А.Қ., және «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ бөлім бастығы Келемсейіт Н.Е. келді. Кездесу еркін форматта өтіп, дінтану, исламтану мамандықтарының 1-4 курс студенттері қатысты.