«Жастар арасындағы стресске төзімділік» тақырыбында семинар-тренинг

14 ақпан, 2024

ТДМ.17 Тұрақты даму үшін серіктестік.

2024 жылдың 14 ақпан күні, Тарих факультетінің Дүние жүзі тарихы тарихнама және деректану кафедрасының  ұйымдастыруымен Психология ғылымдарының кандидаты,  доцент Қудайбергенова Сандугаш Кансаровнамен «Жастар арасындағы стресске төзімділік» тақырыбында 1-4 курс студенттерімен семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренинг барысында қазіргі таңда жастардың бойында психологиялық стрессті бастан кешіруі көптеген факторлармен түсінідірілді. Осының әсерінен жастар стресске тез түсіп, одан шығу үшін теріс стратегияларды қолданып жатады. Ал бұл жастардың өмірін одан сайын күрделендіріп, қиындата түседі Осыған орай қазіргі таңда стрессті жою және жеңу тәсілдерін білу  кеңінен  талданды.  Психолог маманның ұйымдастыруымен арнайы тренингтер мен әдіс-тәсілдер қолдана отырып студенттердің стресске төзімділік жолдары айқындалды.

Ұйымдастырушылар: Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы: т.ғ.к., доцент Беделова Г.С., т.ғ.к., доцент Садыкова Р.О., т.ғ.к.,  Нурпеисова Б.Е., т.ғ.к., доцент  Сабденова  Г.Е., PhD,. Аға оқытушы Нұсқабай П.Н.