«6В04103 - Экономика» ББ 4-курс студенттері Өндірістік практикадан өтуде.

23 ақпан, 2024

ТДМ-ның 4-ші мақсатына сәйкес яғни «Сапалы білім беру» мақсатында жоғары оқу орнындағы студенттердің теориялық білімдерін практикалық дағдылармен шыңдау, кәсіби қабілеттерін қалыптастыру үшін 22.01.2024 ж. - 16.03.2024. (8 апта) аралығында «6В04103 - Экономика» мамандығының 4-курс студенттері Өндірістік практикадан өтуде. Биылғы оқу жылында «6В04103 - Экономика» мамандығы бойынша 21 бітіруші, солардың 12 студент Алматы қаласында, 1 студент Алматы облысында, 2 студент Түркістан қаласында, 2 студент Астана қаласында, 1 студент Ақтөбе қаласында, 2 студент Жаркент қаласында, 1 студент Жетісай қаласында Өндірістік практикадан өтуде!!!

Оразова Дана Алматы қаласында ЖШС “АлемАгро Холдингз” компаниясында практикадан өтуде, практика орнындағы жетекшісі - Кемелов Эдиль. Практикадан өту барысында колоборациялық әдістерді де дамытуда.

Бисенгалиева Аружан Алматы қаласында ЖШС “Гелиос” компаниясында өтуде. практика орнындағы жетекшісі - Кентаева Салтанат Муратовна.

Мухтарова Аружан Алматы қаласының Медеу ауданының әкімі аппаратында өндірістік практикадан өтуде, практика орнындағы жетекшісі - Алиева Айгерим Еркиновна.