ПРОФЕССОР Х. К. ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ "ФИЗХИМИК-2024 " ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ ТУРЫ

20 ақпан, 2024

2024 жылғы 20 ақпанда химия және химиялық технология факультетінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы мен шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған "Физхимик-2024" Халықаралық пәндік олимпиадасының іріктеу туры өтті. Олимпиаданы ұйымдастырушы физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы болып табылады. Іріктеу турына 3-4 курс студенттері қатысты,  кафедра оқытушылары Тусупбекова А. С., Ажигулова Р. Н. және Усипбекова Е. Ж. басында сөз сөйлеп, студенттерге  сәттілік тіледі. Іріктеу қорытындысы бойынша 25 студенттен олимпиаданың келесі кезеңдеріне қатысу үшін 10 студент таңдалды.