«Зерттеу университетін дамытудың заманауи трендтері» сараптамалық стратегиялық сессиясы

21 ақпан, 2024

2024 жылғы 21-22 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде университеттің 90 жылдық мерейтойы аясында «Зерттеу университетін дамытудың заманауи трендтері» атты сараптамалық сратегиялық сессия өткізілді. Сессия форматы гибридті: оффлайн және онлайн. Стратегиялық сессия зерттеу университетінде білім беруді дамытудың негізгі драйвері ретінде ғылым болатын білім беру стратегиясын әзірлеу мақсатында өткізілді. Сессияның міндеті тұрақты және шабыттандыратын білім беру ортасын қалыптастыру үшін ғылым мен білім беруді интеграциялау бойынша тың идеялармен және үздік тәжірибелермен алмасу болып табылады. Осы іс-шараны өткізуден күтілетін нәтижелер:

1) Кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларына сұранысқа ие дағдылар мен құзыреттерді жедел интеграциялау үшін еңбек нарығының қазіргі заманғы қажеттіліктерін кәсіби қауымдастықтармен бірлесіп анықтау.

2) Білім алуға тең қол жетімді ұстанымы негізінде білім алушылардың әртүрлі топтарын тиімді және қолжетімді оқытумен қамтамасыз ету үшін зерттеу университетінің цифрлық трансформациялау стратегиясын әзірлеу.

3) Білім алушылардың білім беру процесіне белсенді қатысуына ықпал ететін оқыту мен білім берудің инновациялық әдістерін анықтау және енгізу.

4) Студенттік контингенттің әртүрлілігін ескеретін, түрлі қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдайтын және тең оқу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін кедергісіз білім беру ортасын құрудың стратегиялары мен механизмдерін әзірлеу.

5) Жаңа технологияларды қолданудың заманауи білім беру трендтері, тәлімгерлікті дамыту және студенттерді сүйемелдеу контекстінде оқытушылардың жаңа рөлі мен функцияларын анықтау, сондай-ақ зерттеу қызметінде оқытушылық белсенділікті ынталандыру.

 

Доцент, х.ғ.к. Ж.Т. Ешова