Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО-ның кафедрасы Журналистика және коммуникация ЮНЕСКО кафедрасымен бірлесіп ЮНЕСКО белгілеген халықаралық Білім күні аясында III PR Қысқы мектебін «Тұрақты даму мақсатында білім беру: инновациялық модельдер» өткізеді.  

23 ақпан, 2024

Қысқы PR мектепке Қазақстан, Германия, Британия, Түркия, Ресей елдерінен БАҚ өкілдері, PR мамандары, ЖОО оқытушылары мен Ауғанстан, Иемен елдерінен студенттер, магистранттар, докторанттар қатысады. 

26 ақпан - 5 наурыз аралығында гибридтік форматта кафедраларының оқытушылары, халықаралық ұйымдар өкілдерінің, танымал PR, медиа мамандарының шеберлік сыныптары күтілуде.

Барлықтарыңызды оқуға қатысуға шақырамыз!
Ашылуы: 26 ақпан, 2024 жыл. Басталуы сағ. 10:00. 
Өткізілетін орны: «Әл-Фараби» кітапханасы, 409 конференц-зал (4 қабат).
Тіркелу үшін: https://forms.gle/CXZDrgf9HXfjRTbm9
Байланыс мәліметтері: 8 (727) 377 33 33 (ішкі 1906); +7 (705) 132 06 20