Фараби университетінде өткен «Бос орындар жәрмеңкесі»

24 ақпан, 2024

ТДМ-ның 17-ші мақсатына сай «Тұрақты даму үшін серіктестік» аясында Экономика және бизнес жоғары мектебінің «6В04103 - Экономика» мамандығының 3 – 4 курс студенттері және оқытушылары 23.02.2024ж. Фараби университетінде өткен «Бос орындар жәрмеңкесіне» белсенді қатысты. «Бос орындар жәрмеңкесіне» еліміздің белді-белді, ірі компаниялары келген, мысалы айтар болсақ: Air Astana, KPMG, Nestle, Samsung, Tesla Education, Лукойл, BCC, Redbull, Transavia, Rixos Aktau және т.б. Студенттер өздеріне біраз ақпараттар алды, яғни жұмыс берушілердің талаптары, шарттары, жұмысқа орналасу және практикадан өте отырып кәсіби қабілеттерін қалыптастыру, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің ішінара жұмысқа тұру мүмкіндіктері жайлы талқылады. Компания өкілдіктері өз ретінде реквизиттерімен бөлісе отырып қатысушыларға сувенирлер де берді, оқытушылар да практика жетекшілері ретінде жұмыс берушілердің бүгінгі сұраныстарын, кәсіби даму тенденциялары жайлы көзқарастарымен де бөліскен.