"Халықаралық қатынастардың жаңа геосаяси шынайылығындағы өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және профессор Ж. O. Ибрашевтің 95 жылдығына арналған V Еуразиялық оқулары өтті.

24 ақпан, 2024

2024 жылы 23 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Халықаралық қатынастардың жаңа геосаяси шынайылығындағы өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және профессор Ж. O. Ибрашевтің 95 жылдығына арналған V Еуразиялық оқулары өтті. Іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығы аясында өткізілді.

Профессор Жарас Омарұлы Ибрашев - Қазақстандағы "Халықаралық қатынастар" мамандығының негізін қалаған, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің ірге тасын қалаушы, французтанушы, еуропалық және еуразиялық мәселелерді зерттеушілердің ғылыми мектебін қалыптастырған белгілі ғалым.

Халықаралық конференцияның мақсаты – қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар мен Қазақстанның сыртқы саясатындағы көкейкесті мәселелерді, халықаралық құқық, әлемдік экономика, дипломатиялық аударма саласына қатысты мәселелерді талқылау.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қырықбаев Арман, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректор Түймебаев Жансейіт, ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Бөлегенов Бақытжан, Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Каюмов Абдурахим, Қытай Халық Республикасы Бас Консулының орынбасары Чжун Хуа, Үндістан Республикасының Алматы қаласындағы консулы Свапнил Козаваде, БҰҰ Алматы қаласындағы Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, Төтенше және Өкілетті Елші, Ж.О. Ибрашевтың дипломдық жұмыс жазу бойынша шәкірті Абусеитов Қайрат, белгілі шетелдік және қазақстандық зерттеушілер, академиялық және сараптамалық қоғамдастықтың мүшелері, халықаралық қатынастар факультетінің белгілі түлектері мен профессор-оқытушылар құрамы.

Конференция шеңберінде бірполярлы немесе көпполярлы әлемдік тәртіп бойынша қазақстандық таңдау; қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесінің трансформациялану жағдайындағы қазақстандық дипломатияның рөлі, қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы Орталық Азияның рөлі, геосаяси өзгерістер жағдайындағы көлік дәліздері, Қазақстанның негізгі сыртқы саяси әріптестерімен қарым-қатынасы және т. б. сияқты мәселелер талқыланды.