Қазіргі мәдениеттанушыларға арналған қосымша дағдылар туралы әңгімелесу: Жас мамандармен кездесу

21 ақпан, 2024

21 ақпан, сағ. 11.00-де Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының бастамасымен БҰҰ бекіткен Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде «Бүгінгі мәдениеттанушыларға қандай дағдылар қажет?» тақырыбында кездесу өтті. 

Оның барысында шақырылған спикерлер – «Отбасы хрестоматиясы» ҚҚ атқарушы директоры Бағдат Құдияров,  «Алматы қаласы мұражайлар бірлестігінің» директоры Ләззат Сағындықова, «Тұран» университетінің Аймақтану және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Жеңісбек Төлен сөз алып, бүгінгі таңдағы мәдениеттанушылар, философтар, дінтанушылардың қоғамдағы орны мен маңыздылығын атап өтті.

Жастардың өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына әсер ететін өнегелік маңызы бар кездесу болды. Болашақ жас мамандарға аға буын ретінде қолдауларын көрсетіп, жақсы тілектер де айтылды.