"Қазақ болмысының әлеуметтік-мәдени негіздері" тақырыбында дөңгелек үстел

23 ақпан, 2024

23-ақпан 2024ж. сағ. 10:00-де Философия және саясаттану факультетінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара академиясының профессоры Молтобарова Күмісбала Ищанқызының "Қазақ болмысының әлеуметтік-мәдени негіздері" тақырыбында 6В03102-мәдениеттану мамандығы 2, 3 курс студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада көне заманнан келе жатқан ұлттық құндылықтардың маңызы және философиялық мәні туралы талқылау орын алды. Іс-шараны ұйымдастырушылар: аға оқытушы Кудерина Айжан Нурхамитқызы және "Мәдени антропология" мамандығының 1-курс магистранты Алшынова Әсел Болатқызы.