- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 15 аясында «Алматы қаласының экологиялық жағдайы» тақырыбында өткізілген шара
ТДМ 15 аясында «Алматы қаласының экологиялық жағдайы» тақырыбында өткізілген шара
Өткізілген шараның мақсаты: Қазіргі таңда Алматы қаласының экологиялық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторлар мен салдарын түсіндіру.
Атқарылған міндеттер:
- Алматы қаласының қазіргі таңдағы экологиялық жағдайын білді;
- Қаланы ластайтын басты факторларды анықтады;
- Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жолдарын анықтап, өз пікірлерін ұсынды;
- Қаланың қоқыспен ластану деңгейін анықтап, алдын алу шараларын қарастырды.
Сабақ барысы:
Қазіргі таңдағы Алматы қаласының экологиялық жағдайы қандай?
Қазіргі таңда Алматының экологиялық жағдайы күрт нашарлай түсуде. Қала экологтары ауа құрамын зерттегенде (арнайы құрылғылармен) улы заттар шамадан тыс көп болғандығы анықталды. 2019 жылғы дерек бойынша Алматы қаласы дүниежүзі бойынша ең қатты ластанған және экологиялық жағдайы қауіпті 100 қаланың құрамына енген. Ең қатты ластанған қала ішінде 95-ші орынды иеленген.
Өткізілген шара барысында тыңдаушылар өздерін қоршаған орта яғни Алматы қаласының экологиялық жағдайымен танысты. Ластайтын факторлар мен салдарын анықтады. Өзара анализ жасады. Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жолдарын анықтап, өз пікірлерін ұсынды. Қаланың қоқыспен ластану деңгейін анықтап, алдын алу шараларын қарастырды.
Жалпы қоршаған ортаны аялауға өз үлестерін қосуға мүмкіндік жасау үшін тыңдаушылар ең алдымен қоршаған ортаны қорғау аясында адамның саналы түрде іс-әрекет жасауы керектігін түсінді.