«Ең әдемі киім — ұлтыңның киімі»
⚜Ұлттық киім – ұлт бейнесі. Осы орайда «Ең әдемі киім — ұлтыңның киімі» атты іс-шарасы арқылы ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ қазақтың ұлттық киімдерін өскелең ұрпаққа насихаттауды мақсат етуді жөн санады. Аптаның әр жұмасында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНДА жаңданып отырған үдіріс бүгінде өз жалғасын тапты. Бүгін ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ОПҚ және топ кураторлары «Bauyrsaq party» дастарханын жайды. Іс-шараның мақсаты: ұлттық дәстүрімізді, қонақжайлық пен мейірімділікті дәріптеу, айналадағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, ыстық бауырсақ арқылы ыстық ықылас, жылы лебіздерін сезіндіру. Сондай-ақ іс-шарада әр елден келген ұлты қазақ жастары қазақтың ұлттық әндерін орындап шараның көркін қыздыра түсті. Осылайша тарихи бай мәдени мұрамызды жастар жадында мәңгі қалдырып, ұрпақтан ұрпаққа аманат етпекпіз.