Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасына жыл сайын шетел азаматтары қазақ орыс тілін шет тіл ретінде оқуға келеді. Оқытушылардың алдында тұрған міндет - оларды қысқа мерзімде сөйлеуге шығару. Сондықтан дәрісханадағы тілдік білім беру бұл мақсатты толық орындау үшін жеткіліксіз деп танитын ұжым: «Сапалы білім беру-сәтті жоспар құру негізінде жүзеге асырылады» (ЦУР-4) деген ұстаныммен жұмыс істейді. Оқытушылар сабақтан тыс уақыттарда тіл үйренушілердің тілдік тәжірибелерін тереңірек дамыту мақсатында мұражайларға, театрларға, киноға т.б. өнер орталықтарына және саяхаттарға жиі апарып тұрады. Кафедра оқытушылары студенттермен бірге Ф. Молдағалидің «Алатау» дәстүрлі театрында сахналанған «Mamluk/Сұлтан Бейбарыс» қойылымына барды. Қойылымнан шетелдіктер қазақ тарихы, мәдениеті, өнері туралы ақпараттар алды.