ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

25 ақпан, 2024
  • Жансейіт Түймебаев Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университетінің 125 жылдығына арналған ғылыми апталыққа қатысты.
  • Жансейіт Қансейітұлы ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевпен кездесті. Сұхбат барысында тараптар ғылыми серіктестікті арттыру бойынша пікір алмасты.
  • Ректор «Халықаралық қатынастардың жаңа геосаяси жағдайдағы өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. 
  • ЖОО басшысы «Digital Farabi» II халықаралық форумында баяндама жасады. 
  • Жансейіт Түймебаев «Digital Farabi» форумы аясында ұйымдастырылған ҚазҰУ жас ғалымдарының ғылыми-инновациялық көрмесін тамашалады. 
  • ҚазҰУ басшысы мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, академик Төлеген Тәжібаевтың ғылыми мұрасын зерттеуге арналған халықаралық конференцияға қатысып, сөз сөйледі. 
  • Ректор ҚР Ұлттық ғылым академиясы жас көшбасшыларының отырысына қатысты.