«Заманауи технологияларды пайдалана отырып, ұлттық құндылықтарға сәйкес ағылшын және француз тілдерін оқыту құзыреттілігін қалыптастыру» атты дөңгелек үстел

26 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасы 2024 жылдың 27 ақпанында  сағ 14.00 ҚРҒБМ-нің АР 148 69 709 "Ұлттық құндылықтар негізінде шет тілін оқыту ерекшеліктері"гранттық жобасы аясында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына байланысты ұйымдастырылатын «Заманауи технологияларды пайдалана отырып, ұлттық құндылықтарға сәйкес ағылшын және француз тілдерін оқыту құзыреттілігін қалыптастыру» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

        Білім беру саласында ұлттық құндылықтарды ілгерілету мәселесі барған сайын өзекті бола түсуде және үлкен мән берілуде. Ғылым мен білімнің, техника мен технологияның белсенді дамуы кезеңінде жас ұрпақ ақпараттың үлкен ағымында болуда. Егер біз өз еліміздің ұлттық құндылықтарын жаңғыртпасақ және насихаттамасақ, онда жастарды ұлттық санадан айыру қаупі бар. Ұлттық құндылықтарды әркімнің санасына енгізу және бекіту қажет. Бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты осы. Жаһандану жағдайында біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды нығайтып, оларды әлемдік деңгейде ұлттың болашағын айқындайтын негізгі ұғымдарға: ұлттық тұтастыққа, дәстүрлер мен мәдениетке ие болуға, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуге ілгерілетуіміз керек. Келесі ұрпақ ұлттық құндылықтарды біліп, құрметтеген және тарихи сананың ұлттық қасиеттерін игерген кезде ғана өз мемлекетін, тілі мен дәстүрін сақтай алады. Қазіргі уақытта ұлттық құндылықтарды сіңірген жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, көп тілді мамандарды даярлау өзекті мәселе болып табылады.

      Дөңгелек үстелдің мақсаты- шет тілін оқытуда ұлттық құндылықтардың рөлін талқылай отырып, құзыреттілікті қалыптастыру үшін пікірталас алаңын құру және студенттердің танымдық белсенділігін, ұлттың ұлттық кодын сақтаудың маңыздылығын саналы түрде дамыту.

      Дөңгелек үстел барысында тіл білімі, әдебиеттану және аударматану және тарих, мәдениеттану мәселелері, жаһандану және цифрлық технологиялар дәуіріндегі шет тілдерін ұлттық құндылықтарға сәйкес оқытудың өзекті әдістері талқыланады.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстанның, ТМД елдерінің, алыс шетелдердің Италия, Франция, Швейцария, Ұлыбритания және т.б. ғылыми және сарапшылық қоғамдастығының жетекші өкілдері қатысады.

 

Жұмыс тілдері: – қазақ, орыс, ағылшын және француз

 

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: дипломатиялық аударма кафедрасы, ф.ғ.к., профессор, кафедра меңгерушісі Сейдикенова Алмаш Смайылқызы, жоба жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Мухаметкалиева Г.О., ф.ғ.к., доцент Бакитов А.Т., аға оқытушы. Алипбаева А.А.,

Дөңгелек үстел өткізу орны мен форматы: офлайн/онлайн. ҚазҰУ ХҚФ, Алматы, көш. Қарасай батыр 95А, 226 кабинет,

Уақыты: 14:00-16:00 (Астана уақыты)

 

Қатысуыңызды мына телефон немесе электрондық пошта арқылы растаңыз:+77053917812,e-mail: Almash.seidikenova@kaznu.kz, Alipbayeva.Anara@kaznu.kz