How the Human Genome Project helps to fight against Cancer?

22 ақпан, 2024

Сейсенбі, 20 ақпанда сағат 11:00-13:00-де 303 аудиторияда БҰҰ-ның «Денсаулық пен амандық» № 3 орнықты даму мақсатына сәйкес Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған «How the Human Genome Project helps to fight against Cancer?» атты студенттердің шағын конференциясы өтті. Бес студент қатерлі ісіктің әртүрлі түрлерінің (асқазан, өңеш, өкпе, қалқанша және қуық асты безі) молекулярлық-генетикалық себептері және оларды диагностикалау әдістері туралы презентациялар жасады: Али Карагөз, Чандана Пиллола, Николай Лоттман, Раджитха Джедипуди және Адхил Маннилтходика.