- Басты бет
- Жаңалықтар
- ЭЖБМ-да 5 институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша дөңгелек үстел өтеді.
ЭЖБМ-да 5 институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша дөңгелек үстел өтеді.
2015 жылдың 5 маусымында сағат 15-00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің 201 аудиториясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты«Индустриалды-инновациялық саясатты іске асыру – Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының негізі» тақырыбында Елбасының 5 институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша ҚазҰУ шаралар жоспары аясындағы дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстелде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» атты өзекті мәселелері қарастырылады.
Дөңгелек үстелдің бағдарламасында ЭжБЖМ-нің оқытушы- профессорлар құрамының келесі бағыттары бойынша баяндамалар жобалынады: білім және ғылымды дамыту, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуының мәселелері, Қазақстандағы исламдық қаржыландырудың мүмкіндіктері, Қазақстандағы ЕАЭО-ның кеңістігі бірігу жағдайында индустриалды-инновациялық дамуының стратегиялық артықшылықтары, инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері.
Экономика және бизнес жоғары мектебі