«6В04105-Есеп және аудит» БББ студенттерінің өндірістік практикадан өтуде

26 ақпан, 2024

ЭжБЖМ «Қаржы және есеп» кафедрасының «6В04105-Есеп және аудит» БББ биылғы жылғы бітіруші түлектері 2024 жылдың 22 қаңтарынан бастап 16 наурызына дейінгі аралықта өндірістік тәжірибеден өтуде. Өндірістік тәжірибе барысында студенттер өздерінің өндірістік тәжірибе бойынша есептерін құрастыруға және таңдаған диплом жұмыстарының тақырыптары бойынша қажетті алғашқы есеп құжаттарын, қаржылық есептілік мәліметтерін, түсініктеме жазбаларын жинақтап, талдау жасайды. 2023-2024 оқу жылындағы студенттердің өндірістік тәжірибе базалары негізінен шағын және орта бизнес өкілдері, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, мемлекеттік мекемелер. Осы БББ екі студенті «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOK» АҚ тәжірибеден өтуде. Барлық тәжірибе базаларындағы жетекшілер тарапынан студенттердің теориялық деңгейі мен тәжірибелік жұмыс істеу қабілеттері жоғары бағалануда. Тәжірибе өту барысына кафедра тарапынан жауапты оқытушылармен де бақылау жасалуда.