“ҚЕХС 38 материалдық емес активтер” тақырыбында көшбасшылық дәрісі

26 ақпан, 2024

2024 жылдың 22 ақпанында "KATCO" қазақстандық-француздық бірлескен кәсіпорынның маманы Айтбаев Жасулан Абилсейтұлы Экономика және Бизнес жоғары мектебінің “Қаржы” мамандығының 3-курс студенттеріне “ҚЕХС 38 материалдық емес активтер, теория және практикада қолдану” тақырыбында көшбасшылық дәрісі өтті.

"KATCO" қазақстандық-француздық бірлескен кәсіпорны. Әлемдегі ең ірі уран кен орындарының бірін игеретін ЖҰШ әдісімен уран өндіру компаниясы.

Өз сөзінде Жасулан Абилсейтұлы: “KATKO-ның миссиясы - біздің қызметкерлер бен тәжірибенің арқасында қауіпсіз және тұрақты жұмыс істейтін, дүние жүзі бойынша тапсырыс берушілер үшін үлгілі уран өндіруші компания болу”.

Дәріс соңында қатысушы оқытушылар мен студенттер сұрақ-жауап алмасып, пікірталастар өткізді. Жалпы көшбасшылық дәріс жоғары деңгейде болды.