ТДМ міндеттеріне қол жеткізу және іске асыру бағыттары бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, А. Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы, қазақ филологиясы 301-топ студенттері ақпанның 21-ші жұлдызында «Ел ішіндегі теңсіздікті азайту» атты саяси-танымдық дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында ТДМ міндеттеріне қол жеткізу және іске асыру мәселелері таныстырылып, ел ішіндегі теңсіздікті азайту жолдары талқыланды. Әр азаматқа лайықты өмір, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өзін-өзі жүзеге асыру деңгейін арттыру, жасына, жынысына қарамастан, әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірге ерікті қатысу, нәсіл, этникалық, шығу тегі, діні және экономикалық немесе басқа мәртебе мәселелері жан-жақты талданды. Іс-шараны топтың куратор-эдвайзері Абитжанова Жанар Алтынбекқызы қорытындылап, студенттерге алғыс білдірді.