- Басты бет
- Жаңалықтар
- Рицумэйкан университетінің профессоры Ким В. Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері үшін дәріс оқыды
Рицумэйкан университетінің профессоры Ким В. Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері үшін дәріс оқыды
26.02.2024 16:00 Рицумэйкан университетінің профессоры Ким В. Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері үшін «Жапония мен Оңтүстік Кореядан келген некелік мигранттардың әлеуметтік интеграциясы» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында профессор Қиыр Шығыс елдеріндегі некелік мигранттардың әлеуметтік интеграциясы мәселесін жан-жақты қарастырды. Сонымен бірге дәріс барысында жапондық немесе корей ұлт өкілдерімен неке қию нәтижесіндегі Жапония мен Оңтүстік Корея азаматтығын алу заңдылықтары деген тақырып та қамтылды. Профессор Ким В. некедегі кейбір мигранттардың жеке тәжірибесі туралы сөз қозғап, оларға қатысты жүргізілген зерттерулерінің негізінде алынған статистиканы келтірді. Дәріс аяқталғаннан кейін студенттер осы тақырыпта өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.